Жалғас Жұмағұлов Астанадағы басты жекпе-жекте жеңілді

Жалғас Жұмағұлов Астанадағы басты жекпе-жекте жеңілді

Аралас жекпе-жектен Астанада өткен "Fight Nights 65" жарысының басты жекпе-жегінде отандасымыз Жалғас Жұмағұлов ресейлік спортшы Вартан Асатряннан жеңілді. 

Спортшылар арасындағы 5 раундқа жоспарланған жекпе-жекте жеңімпазды төрешілер анықтады. 49-48, 48-49, 49-47 есебімен Вартан Асатрян жеңімпаз атанып, жеңіл салмақта "Fight Nights Global " чемпионы атанды. 

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов мансабында Вартан Асатряннан екінші мәрте жеңіліп отыр. 2015 жылдың қаңтарында қазақстандық "Alash Pride" промоушенінде ресейлік қазақстандықты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. 

"Fight Nights 65" аясындағы тағы бір маңызды жекпе-жекте жартылай орта салмақта қазақстандық Георгий Кичигин қазылар алқасының шешімімен ресейлік Гаджимурад Хирамагомедовты жеңіп, "Fight Nights Global" чемпионы атанды.

О. Сансызбай