"Ювентус" үшінші жыл қатарынан Италия кубогын жеңіп алды

"Ювентус" үшінші жыл қатарынан Италия кубогын жеңіп алды

Туриннің "Ювентус" футбол клубы үшінші жыл қатарынан Италия кубогын жеңіп алды. Түнде өткен финалдық ойында "Лационы" 2:0 есебімен ұтты.

Римдегі "Стадио Олимпико" стадионында өткен финалда Дани Алвес (12 минут) пен Леонардо Бонуччи (25 минут) гол соқты. Нәтижесінде туриндік команда өз тарихында Италия кубогын 12-ші рет жеңіп алды.

Италия біріншілігі де аяқталып келеді. "Ювентус" көш бастап тұр. Екінші орындағы "Ромадан" 4 ұпайға алда. Одан өзге Массимилиано Аллегри шәкірттеріне Чемпиондар лигасын жеңіп алуына да зор мүмкіндік бар. Команда 3 маусым күні Кардиффте өтетін финалда "Реалмен" ойнайды.

Ө. Сансызбай