Альберт Азияның үздігі атанды

Альберт Азияның үздігі атанды
Фото: Ashgabat2017.com

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өткен Азия чемпионатында ең үздік спортшы атанды. Ол 69 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанған еді.

Ашхабадтағы Азия чемпионаты кеше аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Алтынды Альберт алса, қоланы қыздар арасында 75 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Александра Аборнева ұтып алды. Ал жарыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар Альберт Линдерді Азия чемпионатының үздік спортшысы ретінде танып, арнайы марапаттады.

Ө. Сансызбай