Қазақстан жасөспірімдер құрамасы "Даму кубогында" үшінші орын алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы "Даму кубогында" үшінші орын алды
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) Черногорияда өткен "Даму кубогында" үшінші орын алды. Соңғы ойында Әзірбайжан елінің жасөспірімдерімен тең ойнап, пенальти сериясында жеңіске жетті.

Негізгі уақытта қос команда 1:1 есебімен тең ойнады. Бірінші таймда Дмитрий Савченконың соққан голы Қазақстан жасөспірімдер құрамасын алға шығарғанмен, екінші таймда әзірбайжан жасөспірімдері есепті теңестіріп кетті.

Ойын соңындағы пенальти сериясында 5:4 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз қола жүлдегер атанды.

"Даму кубогында" 6 ұпай жинаған Босния және Герцеговина құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Черногория құрамасы иеленді. 

Ө. Сансызбай