Джошуа Кличконы нокаутпен жеңді (видео)

Джошуа Кличконы нокаутпен жеңді (видео)
Фото: m.sportal.bg

Британдық боксшы Энтони Джошуа украиналық Владимир Кличконы техникалық нокаутпен ұтты. Олар "Уэмбли" стадионында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты.

Қос боксшы аса ауыр салмақта WBA, IBF және IBO чемпиондық белбеулеріне таласты. Энтони Джошуа IBF чемпиондық атағын қорғаса, қалған екі атақ иесі белгісіз еді.

Бесінші раундта Владимир Кличко бірінші нокдаунын алды. Тез есін жиып, қарсыласын бірден соққының астына алды.

Алтыншы раундта британдық боксшы нокдаун алды. Ол өзінің мансабында алғаш рет бір тізерлеп тұрды.

11 раундта Энтони Джошуа Владимир Кличконы екінші рет нокдаунға түсірді. Украиналық боксшы орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырғанмен, раунд соңына дейін шыдай алмады. Британдық боксшының жойқын соққылары бет қаратпады. Нәтижесінде бас төреші жекпе-жекті тоқтатты.

27 жастағы Энтони Джошуа мансабында осыған дейін 18 жекпе-жек (Клиякоға қарсы кездесуін қоспағанда) өткізген. Барлығында жеңіске жеткен.

Владимир Кличко шау тартқаны байқалды. 41 жастағы боксшы мансабында бесінші рет жеңіліп отыр. Соңғы жекпе-жегінде (2015 жыл, қараша) тағы бір британдық боксшы Тайсон Фьюриге ұпай айырмасымен ұтылған болатын.

Ө. Сансызбай