Головкиннің промоутері Сондерспен маусымдағы кездесуден неліктен бас тартқанын айтты

Головкиннің промоутері Сондерспен маусымдағы кездесуден неліктен бас тартқанын айтты
Фото: vk.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер маусым айына жоспарланған жекпе-жектен не себепті бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Осыған дейін Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 10 маусымда өтетіні хабарланды. Бірақ кейіннен жекпе-жектің өтпейтіні белгілі болды. 

Леффлердің айтуынша, маусымдағы жекпе-жектен бас тартуға және олардың шешім шығаруына бірнеше фактор әсер еткен. Оның ішінде Головкиннің Дэниэл Джейкобспен 12 раундтық кездесу өткізуі және Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен жекпе-жекті тағы бір апта ерте өткізуді ұсынған.

- Геннадий маусымда шаршы алаңға шықпайды. Біз әрине Билли Джо Сондерспен жекпе-жекті қаладық, алайда Дэнни Джейкобспен өткен жекпе-жектен кейін уақыт тым аз берілді. Ендігі кезекте Головкиннің қашан жұдырықтасуға дайын екенін білетін боламыз және ең жақсы ұсыныстарды қарастырамыз. Головкин жаттығу жұмыстарын осыдан екі апта бұрын бастауы керек болушы еді, ол 12 раундтық кездесу өткізді. Кездесудің уақытына байланысты мәселе туындады. Уоррен жекпе-жекті тағы бір апта ерте, маусымның басында өткізбекші болды. Қорытындылай келе, Головкин маусымда жекпе-жекке шықпайды, - деді Леффлер.

Сонымен қатар, Головкин Қазақстанда алдағы уақытта жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр екен. "Қазақстанда, барлығы оның жекпе-жегі көргісі келеді, Геннадийдің өзі де Отанында өнер көрсетуді қалайды.

6 мамырда не болатынын көреміз. Егер Чавес жеңіске жететін болса, біз онымен қуана кездесу ұйымдастырамыз. Егер "Канело" жеңсе, ол біздің басты қарсыласымыз болады. Мен "Golden Boy" компаниясымен әрдайым байланыстамын. 6 мамырды күтеміз, содан кейін келіссөздерді жалғастыру, жалғастырмауымыз белгілі болады", - деді Леффлер.

Сонымен қатар, GGG промоутері Том Леффлермен сөйлескен Дэн Рафаэль, маман ESPN телеарнасының бағанында былай деп жазды: "Бүгін Лондонда Том Леффлермен сөйлестім, ол маған Геннадий Головкиннің маусымда жоспарланған жекпе-жекке шықпайтынын айтты. Ендігі кезекте Головкин "Канело" - Чавес кездесуінің жеңімпазын күтетін болады".

Айта кетейік, осыған дейінгі жазбасында Дэн Рафаэль Головкиннің Сондерспен маусымда болжанған жекпе-жегінің болмайтынын жеткізген еді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 19 наурызда Нью-Йоркте өткізіп, америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Ө. Сансызбай