"Барселона" Месси айтқан қорғаушымен қош айтысады

"Барселона" Месси айтқан қорғаушымен қош айтысады

"Барселона" футбол клубы қорғаушы Жереми Матьемен қош айтысады. Команда басшылығы француз футболшысына деген сенімін жоғалтқан.

33 жастағы қорғаушы соңғы рет Чемпиондар лигасында "Ювентусқа" қарсы ойынға қатысты. Бірінші таймнан кейін бас жаттықтырушы оның орнына Андре Гомешті шығарған. Қазіргі таңда клуб басшылығы қорғаушының негізгі құраммен жаттығуына да тыйым салыпты. Алдағы жазда өзге клубқа ауысуына жағдай жасамақ.

Айта кетейік, Жереми Матье "Барселонаға" 2014 жылы "Валенсиядан" ауысып келген. Келісімшарт мерзімі 2018 жылдың жазында аяқталады.

Осыған дейін Лионель Месси командадан үш футболшы кетсе, келісімшартын ұзартатынын айтқан болатын. Солардың бірі – Жереми Матье еді.

Ө. Сансызбай