Альберт Линдер Азия чемпионатында алтын алды

О Сансызбай Корреспондент
Альберт Линдер Азия чемпионатында алтын алды
Фото ©️ facebook.com

Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

БӨЛІСУ

69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қос жаттығу нәтижесі бойынша 335 келі (148+187) көтерді. Екінші орынды КХДР спортшысы (331 келі) иеленсе, үшінші орын қытайлық ауыр атлетке (325 келі) бұйырды.

21 жастағы Альберт Линдер Талдықорған қаласының тумасы. 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Араға бір жыл сала ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 10-орын алған болатын.

Ашхабадтағы Азия чемпионатын «KazSport» арнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Жарыс кестесі

26.04.2017

17:55 Әйелдер - 69 келі: Файзуллаева Майра
20:55 Ерлер - 77 келі: Казов Айдар

27.04.2017

20:55 Ерлер - 85 келі: Линдер Семен

29.04.2017

13:25 Ерлер - 105 келі: Берсанов Ибрагим
16:25 Әйелдер +90келі: Аборнева Александра

30.04.2017

13:30 Ерлер +105 келі