Қазақстан хоккейшілері Польшаны овертаймда ұтты (видео)

Қазақстан хоккейшілері Польшаны овертаймда ұтты (видео)
Фото: today.kz

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Киевте өтіп жатқан бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының үшінші ойынын Польша құрамасына қарсы өткізді. Отандастарымыз негізгі уақытта тең ойнап, овертаймда жеңіске жетті.

Үш кезеңде де командалар шайба соға алған жоқ. 0:0 есебімен тең түсті. Жеңімпаз овертаймда анықталды. 63 минутта Найджел Доустың берген пасын Кевин Даллмэн сәтті пайдалана білді. Нәтижесінде отандастарымыз 1:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы Австрияны ұтып, Оңтүстік Корея елінің хоккейшілеріне ұтылып қалған болатын. 3 ойыннан кейін 5 ұпаймен 2-орында келеді. 2 ойында да жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы көш бастап тұр.

Әлем чемпионатының элиталық дивизионына топта бірінші және екінші орын алған құрамалар ғана шығады. 

Ө. Сансызбай