"Арландардың" ширек финалдағы қарсыласы анықталды

"Арландардың" ширек финалдағы қарсыласы анықталды
Фото: vk.com

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын "Astana Arlans" ширек финалда Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасымен кездесетін болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

Командалар арасындағы бірінші бокс кеші 11 мамыр күні Кемеровода өтсе, қарымта кездесу 20 мамыр күні Алматыда болады.

Естеріңізде болса, қос команда осы маусымда бір топта болды. Мәскеудегі бірінші кездесуде отандастарымыз 3:2 есебімен, Таразда 4:1 нәтижесімен ұтқан болатын.

15 ұпай жинаған "Astana Arlans" топтан бірінші орынмен шыққан еді.

Ширек финалдағы жеребе бойынша "Uzbek Tigers" - "Cuba Domadores", "France Fighting Roosters" - "British Lionhearts", "Italia Thunder" - "Colombian Heroicos" командалары кездеседі.

Ө. Сансызбай