Чемпиондар лигасы жартылай финалының жеребесі тартылды

Чемпиондар лигасы жартылай финалының жеребесі тартылды
Фото: Realmadrid.ru

Швейцарияның Ньон қаласындағы UEFA штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы жартылай финалының жеребесі тартылды.

Оның қорытындысы бойынша, мадридтік "Реал" өз жерлестері "Атлетико" командасымен кездеседі, ал екінші жұпта франциялық "Монако" италиялық "Ювентуспен" ойнайды.

Жартылай финалдың алғашқы ойындары "Реал" мен "Монако" алаңдарында 2 және 3 мамырда өтеді. Қарымта кездесулер бір аптадан кейін.

Чемпиондар Лигасының финалы Уэльстің астанасы Кардиффтегі "Ұлттық стадионда" болады.

Айта кетейік, "Реал" мен "Атлетико" 2015/16 және 2013/14 жылдардағы Чемпиондар лигасының финалында кездескен. Екі кездесуде де "Реал" басым түскен болатын.

Бүгін Ньонде Еуропа Лигасы жартылай финалының да жеребесі тартылады. Оның басталуы Астана уақыты бойынша 17:00-де.

Ө. Сансызбай