Қазақ боксшылары үнділермен бірге Азия чемпионатына дайындалуда

Қазақ боксшылары үнділермен бірге Азия чемпионатына дайындалуда
Фото: Сергей Штрак

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада үнді боксшыларымен бірге 30 сәуір күні Ташкентте басталатын Азия чемпионатына дайындалуда. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлады.

Ташкенттегі дода алдында қос елдің боксшылары өзара спарринг кездесулер өткізіп, тәжірибелерін шыңдап, жаттығуларын пысықтауда. 

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты 7 мамырға дейін жалғасады. 

Ө. Сансызбай