Зарина Дияс Қытайдағы турнирде топ жарды

Зарина Дияс Қытайдағы турнирде топ жарды
Фото: YouTube

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Наньнин қаласында өткен «Women's Circuit» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз финалда Тайвань елінің теннисшісі Я Хсуян Лиді ұтты.

Қос теннисші кортта алғаш рет кездесті. Зарина WTA рейтингінде 242-орында болса, қарсыласы 300-орында болатын.

Финалда Зарина қарсыласын 6:1 және 6:4 есебімен жеңіп шықты. Ойын 1 сағат 14 минутқа созылды. Жарыстың жүлде қоры – 25 000 АҚШ доллары.

Айта кетейік, Зарина Дияс 2016 жылы алған жарақатына байланысты біраз уақыт жарыстарға қатыспаған болатын. 

Ө. Сансызбай