Мадияр Әшкеев қарсыласын жетінші раундта жеңді

Мадияр Әшкеев қарсыласын жетінші раундта жеңді
Фото: vk.com

Қазақ кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеев АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өтіп жатқан бокс кешінде америкалық Шон Кэмеронды жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек жетінші раундтың екінші минутында тоқтатылды. Төрешілер Шон Кэмеронның кездесуді жалғастыруға қауқары жетпейтінін байқап, Мадиярды уақытынан бұрын жеңімпаз ретінде таныды.

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз осыған дейінгі барлық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, осыған дейін Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшы Хавьер Ольвераны екінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Ө. Сансызбай