"Атырауды" ресейлік маман жаттықтыратын болды

О Сансызбай Корреспондент
"Атырауды" ресейлік маман жаттықтыратын болды
Фото ©️ rsport.ru

"Атырау" футбол клубын ресейлік маман Сергей Павлов жаттықтыратын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

"Атырауды" осыған дейін хорват бапкері Зоран Вулич жаттықтырып келген еді. Ол отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кеткенін айтқан болатын.

Сергей Павлов кеше өткен VI турда "Атырау" мен "Шахтер" ойынын алаңнан тамашалады. Бүгін бас жаттықтырушы ретінде таныстырылды. Оған команданы премьер-лигада алып қалу тапсырмасы жүктеліп отыр.

61 жастағы ресейлік маман осыған дейін өзге елдерде жаттықтырушылық қызметте болмаған. Ресейдің төменгі дивизионындағы "Текстильщик", "Сатурн", "Уралан", "Черноморец", "Луч-Энергия" командаларын жаттықтырған. Сондай-ақ "Кубань""Шинник" пен "Арсенал" клубтарының да тізгінін ұстаған. Олег Романцевтің көмекшісі ретінде Ресей құрамасы мен Мәскеудің "Спартак" командаларында қызмет жасаған.

Айта кетейік, "Атырау" жаңа маусымды 9 "кем" ұпаймен бастаған болатын. Алты ойында әлі бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ.