Гризманның голы "Атлетикоға" жеңіс сыйлады (видео)

Гризманның голы "Атлетикоға" жеңіс сыйлады (видео)
Фото: vk.com

Футболда Чемпиондар лигасының ширек финалындағы бірінші ойында мадридтік "Атлетико" өткен маусымда ағылшын премьер-лигасының чемпионы атанған "Лестерді" ұтты. Ойында алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды 27 минутта Антуан Гризманн соқты.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 19 сәуір күні өтеді. "Кинг Пауэр" стадионында нағыз тартысты ойын болары сөзсіз.

"Атлетико" (Испания) — "Лестер" (Англия) — 1:0 (1:0)
Гол: Гризманн 28 (пен).

"Атлетико": Облак, Хуанфран, Годин, Савич, Филипе Луис, Коке, Габи, Ньигес, Карраско (Корреа 65), Гризманн, Торрес (Партей 75).
"Лестер": Шмейхель, Симпсон, Беналуан, Хут, Фукс, Махрез, Ндиди, Дринкуотер, Олбрайтон, Окадзаки (Кинг 45), Варди (Слимани 77).
Ескертулер: Олбрайтон, Беналуан Хут.

Ө. Сансызбай