Альварес Головкин бақ сынайтын салмақ дәрежесіне өтті

О Сансызбай Корреспондент
Альварес Головкин бақ сынайтын салмақ дәрежесіне өтті

"WBO" нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие бірінші орта салмақта жұдырықтасатын мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Генадий Головкин бақ сынайтын орта салмақ дәрежесіне өткенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы боксшы Хулио Сезар Чавеспен өткізетін жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында айтты.

БӨЛІСУ

- Тыңдаңыздар, мен орта салмақта қазір чемпион емеспін. Бұрын чемпион болдым. Чавеспен болатын жекпе-жектен кейін орта салмақта қаламын. Дәлірек айтсам, 160 фунтта, - деді Сауль Альварес.

Айта кетейік, Сауль Алвареспен отандасымыз Геннадий Головкин қыркүйек айында жұдырықтасуы мүмкін. Қазіргі таңда қос тарап келіссөздер жүргізуде.