Қазақстанға "Дэвис кубогында" Аргентина қарсылас атанды

Қазақстанға "Дэвис кубогында" Аргентина қарсылас атанды
Фото: Gorky Tennis Park

Теннистен Дэвис кубогының әлем бойынша топтық кезеңіне шығу үшін Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойнайтын болды. Отандастарымыздың қарсыласы бүгін өткен жеребе қорытындысы бойынша белгілі болды.

Қос құрама арасындағы ойын 15-17 қыркүйек аралығында елімізде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы "Дэвис кубогының" әлем бойынша топтық кезеңінің плей-офф кезеңіне шығу үшін Қытай елінің теннисшілерін 4:1 есебімен ұтқан еді. Жекелей сында Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко жеңіске жетсе, жұптаса ойнауда Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко, Александр Недовесов пен Андрей Голубев жеңіске жеткен. 

Ө. Сансызбай