Футзалдан Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата ұтты
Фото ©️ vesti.kz

Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата ұтты. «Алматы Аренада» өткен ойында отандастарымыз қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

Ойында Серік Жаманқұлов, Лео, Михаил Першин, Дуглас пен Дінмұхамед Сүлейменов бір-бір гол дансоқты. Ал дат ойыншылары бірде-бір гол соға алған жоқ.

Топтағы шешуші ойында Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі. Қос құрамада да 6 ұпайдан бар. Чехтер кеше даттарды жеңсе, Қазақстан құрамасы Македониядан басым түскен болатын.

Топта бірінші орын алған команда 2018 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады. Екінші орын алған құрама қосымша жолдамаға таласады.