Неймар "Барселона" сапындағы 100-голын соқты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Неймар "Барселона" сапындағы 100-голын соқты (видео)
Фото ©️ vk.com

Бразилиялық футболшы Неймар "Барселона" футбол клубы сапындағы 100-голын соқты. Түнде өткен ойында каталондық клуб сырт алаңда "Гранаданы" 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

БӨЛІСУ

Бірінші тайм аяқталар тұста Луис Суарес "блаугрананы" алға шығарды. Екінші тайм басталған тұста алаң иелері сапынан Жереми Бога таразы басын теңестірді. Кейіннен "Барселона" сапынан Пако Алькасер мен Иван Ракитич бір-бір голдан соқса, ойын аяқталар тұста Неймар командасының төртінші голын соқты. Бұл оның "Барселона" сапындағы 100-ші голы болатын.

Неймар "Барселона" командасында 100-ден көп гол соққан 21-ші футболшы. Мұндай жетістікке отандастары Ривалдо (130 гол) мен Эваристодан (105 гол) кейін қол жеткізіп отыр.

25 жастағы шабуылшы команданың ХХІ ғасырдағы ең үздік сұрмергендері қатарында да төртінші орынға көтерілді. Неймардың алдында Лионель Месси (493 гол), Самуэль Это’О (130 гол) мен Луис Суарес (114 гол) қана келеді.

Айта кетейік, Неймар "Барселона" футбол клубына "Сантостан" 2013 жылы ауысып келген болатын. Футболшы 177 ойында 100 гол соғып отыр.