Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Сильвестр Сталлоне: "Кличколарды тек уақыт қана жеңе алады"

Сильвестр Сталлоне: "Кличколарды тек уақыт қана жеңе алады"

Сильвестр Сталлоне:

Атақты Голливудтық актер, Рокки Бальбоа рөлін сомдаушы Сильвестр Сталлоне қыркүйек айының соңында Германияның Гамбург қаласында «Рокки» мюзиклының дайындығын көріп қайтқан болатын. (Сильвестр Сталлоне ағайынды Кличколармен бірге бұл мюзиклдың продюсері). Неміс басылымдарына берген сұхбатында  Cильвестр Сталлоне Кличконың аса ауыр салмақта басқа қарсыластарынан мықтылығын, АҚШ еліндегі бұл салмақтағы проблемаларын және де ағайынды Кличколармен қалай танысқандығы туралы баяндайды.
— Қалай ойлайсыз, дәл қазір Виталий Кличконың спорттық ғұмырын аяқтағаны дұрыс па?
— Алдымен Виталийға қараңыздаршы. Ол қазір нағыз бабында. Виталий былғары қолғабын дәл қазір шегеге ілмесе екен деймін. Өйткені бүгінгі таңда оны жығатын ешкім жоқ.
— Ағайындылардың екіншісі Владимир қараша айында Мариуш Вахпен шаршы алаңға шығады. Бұл туралы не айта аласыз?
— Владимирдің қарсыласы кім болса да, Украин жігіті оны нокаутқа құлатады. Владимир де қазір керемет бабында. Ол әрбір жаттығуына мұқият көңіл бөледі. Сондықтан Кличконың жеңіске жететініне күмәнім жоқ. Егер ағайындылардың қайсыбірі болсын АҚШ жерінде кездесулерін өткізетін болса, мен үшін өте қуанышты жәйт болатын еді.
 — АҚШ-та бүгінгі таңда аса ауыр салмақта мықты боксшылар жоқтың қасы. Неге?

— Шынында АҚШ елінде аса ауыр салмақ құлдырауда. Бұл салмақтағы жігіттер тым ауыр. Кезінде Джо Фрейзер 95 келі, Джордж Форман 97 келі болатын. Бүгінде аса ауыр салмақта өнер көрсететін жігіттер 110-120 келі тартады. Техникалық және физикалық күштері қалыптасқан боксшыны бүгінде табу өте қиын. Дон Кинг және өзге де промоутерлер жаңа талантты былғары қолғап шеберлерін қалыптастыра алмады.

— Кличколарды кім жеңе алады?

— Ешкім. Кличколарды тек уақыт қана жеңе алады.

Неге «Рокки» мюзиклының премьерасына Кличколардың қатысуын қаладыңыз?

— Виталий маған «Рокки» фильмінің ерекше әсер еткенін айтты. Жастайынан осы киноны көріп, осы фильм арқылы бокстағы алғашқы қадамдарын бастаған екен.
— Кличколармен таныстығыңыз қалай басталды?
— Таныстығымыз өте қызық болды. Негізі «Рокки» мюзиклын қою туралы жоспарым бұрыннан болған. Бірақ нақты ешкім ұсыныс тастаған жоқ еді. Бір күні менің кеңсеме Владимир келіп, «Менде бір жоспар бар» деді. Мен іштей бұл жігіт жарнама жөнінде келген шығар деп ойлағам. Дегенмен, ол маған: «Неге «Рокки» мюзиклын сахналандырмасқа» деген ой айтты. Мен бірден келісім бердім.

— Сіздің рейтингіңізде барлық уақыттардағы ең мықты боксшылардың қатарында Кличко қай орында орналасқан?
— Бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Өйткені, Кличколар Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер секілді аса ауыр салмақтағы боксшылармен жұдырықтасқан жоқ. Дей тұрғанмен, Кличколар менің рейтингімде үздік ондықтың қатарына сөзсіз кіреді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vk.com

2532 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 15:35
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 14:35

Кличконы жеңгендер бар ғой... :roll:

+0
01 қазан 2012, 14:44

Өзіме Роккидің біріншісі ғана ұнайды, қалғандарында жасандылық басым. Жалғасы сериядан серияға қарай нашарлай берді, нашарлай берді. Ал енді спорт тақырыбындағы мюзиклге жетіп тынды. "Қазір, бәлем, тұмсығыңды беп қылам!" деп ән салып тұрған Рокки біреу-міреуге керемет сюрреалистік көрініс боп көрінер. Мүмкін бұл да биік өнер шығар, бірақ мұндайды ұғуға білімім де, талғамым да жетпес.

+0
01 қазан 2012, 14:57

Адамдарды қатыгездікке тәрбиелейді кинолары...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...