Щукин ATP рейтингіcінде 71 саты жоғарылады

Щукин ATP рейтингіcінде 71 саты жоғарылады

АТР рейтингісінің жаңартылған тізімінде Қазақстандық теннисші Юрий Щукин 71 саты жоғары өрмелеп, енді кестенің 421 сатысына табан тіреді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бір аптада өзгеріссіз 84 орында тұр. Ал Андрей Голубев төрт саты жоғарылап, 140 сатыға орныққан. Тағы да бір отандасымыз Евгений Королев Тайланд ашық біріншілігінде сәтсіз өнер көрсеткендіктен, 224 орынға сырғыды.

Алғашқы ондықта бұл аптада ешқандай өзгеріс жоқ. Көш басында серб теннисшісі Новак Джокович, екінші сатыда Роджера Федерер, ал үздік үштікті испан жігіті Рафаэль Надаль түйіндеп тұр.

2012 жылдың 1 қазанындағы АТР рейтінгі
1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 9910 ұпай;
2 (2). Роджер Федерер (Швейцария) - 8920; 
3 (3). Рафаэль Надаль (Испания) - 6840;
4 (4). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 6730;
5 (5). Давид Феррер (Испания) - 4780;
6 (6). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 3820;
7 (7). Томаш Бердых (Чехия) - 3720;
8 (8). Жо-Вильфрид Цонга (Франция) - 2905;
9 (9). Янко Типсаревич (Сербия) - 2720;
10 (10). Николас Альмагро (Испания) - 2415;
... 
84 (84). Михаил Кукушкин(Қазақстан) - 526;
140 (144). Андрей Голубев (Қазақстан) - 326;
224 (222). Евгений Королев (Қазақстан) - 185;
421 (492). Юрий Щукин (Қазақстан) - 74;
529 (521). Денис Евсеев (Қазақстан) - 46;
555 (548). Алексей Кедрюк (Қазақстан) - 40

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

У. ҚОСАНБАЙ