ФИФА Мессиді жазалауы мүмкін

ФИФА Мессиді жазалауы мүмкін
Фото: O2 Sport

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді бірнеше ойыннан шеттетуі мүмкін, - деп хабарлайды Marca.com.

Футболшы 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Аргентинаның Чилимен өткен ойынында төрешілер тарапына ауыр сын тағып, сөз тигізген. ФИФА ойында қызмет көрсеткен төрешілер тобына сауал жолдап, оқиғаның анық-қанығын сұраған. Алайда төрешілердің барлығы намысқа тиіп, кемсіту болмағанын айтады. Дегенмен ФИФА төрешілер жағдайды растамаса да, футболшыны ойыннан шеттетуге құқылы. Месси құраманың алдағы 2 немесе 4 ойынына қатыспауы мүмкін.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы бүгін түнде Боливиямен кездеседі. 

Ө. Сансызбай