Асхат Уәлиханов келесі жекпе-жегін 28 сәуірде өткізеді

Асхат Уәлиханов келесі жекпе-жегін 28 сәуірде өткізеді
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлихановтың келесі жекпе-жегі 28-сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Бұл туралы боксшының «вконтакте» желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

- Әзірге қарсыласымның кім екені белгісіз, бірақ жақын күндері анықталып қалады. Менеджерім Эгис Климас қарсылас іздеп жатыр, - деген боксшы.  

Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтеді. 6 раундқа жоспарланған. 

Айта кетейік, Асхат Уәлиханов 28 сәуір күні кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегіне шығады. Осыған дейінгі екі кездесуінің біреуінде жеңіске жетсе, бірінде жеңіліс жазылған.

Ө. Сансызбай