Айдос Ербосынұлы америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Айдос Ербосынұлы америкалық боксшыны нокаутпен жеңді
Фото: vk.com (Aidos Yerbosynuly)

Қазақ кәсіпқой боксшысы Айдос Ербосынұлы спорттық мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз АҚШ-та жергілікті боксшы Риарус Дадлейді техникалық нокаутпен ұтты.

Нью-Джерси қаласында өткен жекпе-жекте Айдос қарсыласын екінші раундта-ақ ұтып шықты. Америкалық боксшы бұл кезеңнен ары қарай жекпе-жекті жалғастыра алған жоқ.

Айдос Ербосынұлы кәсіпқой бокстағы бес жекпе-жегін де уақытынан бұрын аяқтап отыр. Сондай-ақ алғаш рет АҚШ жерінде жекпе-жек өткізді. Осыған дейінгі төрт кездесуінің екеуін Украинада, екеуін Қазақстанда өкізген болатын.

Ө. Сансызбай