Премьер-лига. "Қайсар" үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
Премьер-лига. "Қайсар" үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан ел премьер-лигасының ІІІ тур ойындары аяқталды. Назарларыңызға ойындарға қысқа шолуымызды ұсынамыз.

БӨЛІСУ

ІІІ тур ойындары 17 наурыз күні басталды. Өткен маусымда ел чемпионы атанған "Астана" өз алаңында Оралдың "Ақжайық" командасын 3:1 есебімен ұтты. Ойындағы төрт голды да легионер футболшылар соқты.


"Астана" – "Ақжайық" 3:1 (2:0)

Голдар: Кабананга 12 (1:0), Ллуллаку 13 (2:0), Твумаси 62 (3:0), Рубио 65 (3:1)

Ескертулер: Маевский 79 - Шмидт 26, Николич 48, Шабаев 54, Одибе 79

Алматының "Қайрат" футбол клубы "Таразбен" тең түсті. Таразда өткен ойында командалар 0:0 есебімен тарқасты.

"Тараз" – "Қайрат" 0:0

Ескертулер: Диара 54 – Ампоста 13, Аршавин 13, Тұрысбек 54

Көкшетаудың "Оқжетпесі" мен Қостанайдың "Тобыл" командалары арасындағы ойын "Астана-Аренада" өтті. Кездесуде Лукас Хорваттың соққан голы "Оқжетпеске" жеңіс сыйлады.

"Оқжетпес" – "Тобыл" 1:0 (0:1)

Гол: Хорват 37

ЕскертулерЧертов 73 – Молдақараев 43

Шымкенттің "Ордабасы" футол клубы сырт алаңда "Ақтөбені" 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы голды шабуылшы Таңат Нөсербаев соқты. Оның бұрыштама алаңы тұсынан шиіре тепкен добын қақпашы Самат Отарбаев қайтара алмады.

"Ақтөбе" – "Ордабасы" 0:1 (0:1) 

Голдар: Нөсербаев 7

Ескертулер: Диас Морейра 10, Аслан 17, Воловик 90+3 – Қожабаев 20, Нөсербаев 53, Диакате 80, Нургалиев 181, Булешев 90+2

Ойыннан қуылды: Диас Морейра 76 (екінші ескерту)

Өткен турда "Ордабасымен" тең ойнаған "Атырау" ІІІ турда "Ертіске" ұтылды. Ойындағы голды Родриго Антонио соқты.

"Атырау"– "Ертіс" 0:1 (0:0)

Голдар: Родриго 88

ЕскертулерКоробов 20, Чичулин 50 – Ткачук 59, Есімов 64

Қызылорданың "Қайсар" клубы үш турда да жеңіске жетті. Нәтижесінде 9 ұпаймен көш басына шықты. Олар ІІІ турда Қарағандының "Шахтер" футбол клубын ұтты. Ойын "Астана-Арена" стадионында өтті.

"Шахтер" – "Қайсар" 0:1 (0:1)

Гол: Аржанов 23

Ескертулер: Тәжімбетов 9, Станоевич 70, Габышев 86 – Евстигнеев 80, Нтибазонкиза 90+1