Қазақстан құрамасының Кипр мен Арменияға қарсы ойнайтын құрамы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасының Кипр мен Арменияға қарсы ойнайтын құрамы анықталды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары Кипр мен Арменияға қарсы ойнайтын құрамды жасақтады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Ұлттық құрамаға ең көп ойыншылар "Тобыл" командасынан шақыртылған. Жаттықтырушылар қостанайлық командадан 6 бірдей футболшыға сенім артып отыр. Сондай-ақ, тізімге "Қайрат" (Алматы) пен "Ордабасы" (Шымкент) командаларынан бес-бес ойыншыдан, "Астанадан" – 4 , "Ертістен" – 2, "Қайсардан" 1 футболшы енген. Одан өзге Беларусь елінің "Шахтер Солигорск" командасында ойнап жүрген шабуылшы Сергей Хижниченко шақырту алған. Толық тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Алмат Бекбаев («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Александр Кислицын («Ертіс»), Гафуржан Суюмбаев («Қайрат»), Сергей Малый («Тобыл»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Григорий Сартаков («Тобыл»),

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков («Астана»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Георгий Жуков («Қайрат»), Максат Байжанов («Қайсар»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Мардан Толебек («Ордабасы»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Асхат Тағыберген («Тобыл»),

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер», Солигорск).

Бас жаттықтырушы: Александр Бородюк 

Айта кетейік, 22 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Ларнака қаласында өтеді. Ал араға төрт күн салып, 2018 жылғы әлем чемпионатынатына іріктеу кезеңі аясында Армения құрамасына қарсы кездесуін (Ереванда) өткізеді.