Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізетінін айтты

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізетінін айтты
Фото ©️ vk.com (GGG)

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) келесі жекпе-жегін өз елінде өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

БӨЛІСУ

- Мен өз елімде жекпе-жек өткізгім келеді. Себебі отандастарым да өз көзімен жекпе-жекті көргісі келетіні жасырын емес. Бұл бір жағынан тарихта қалатын оқиға. АҚШ-та бұл жоғары деңгейдегі шара, қазақстандықтар да осындай шараға араласқысы келеді, сезінгісі келеді, - деді боксшы түнде өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін "Астана ЭКСПО-2017" өкілдері Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі жайлы сөз қозғаған болатын. "Жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр, алайда оған қатысты басқа мәліметтерді айта алмаймыз", - деген еді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, қазақстандық промоутер Геннадий Головкин Астанада жекпе-жек өткізеді деген хабарға қатысты пікір білдірген болатын.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Дэниель Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) бойынша таратады. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Көрсетілімнің басталуы 19 наурыз күні сағат 08:00-де.