Қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирге қатысады

Қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирге қатысады
Фото: EUBC

Бокстан 16-19 наурыз аралығында Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде «GeeBee» халықаралық турнирі өтеді. Биыл бұл жарыс 36-шы рет өз байрағын биікке көтермек.

Хельсинкидегі жарыста еліміздің намысын 5 боксшы қорғайды. Атап айтар болсақ, Нұрбол Қалжанов (56 келі), Садриддин Ахмедов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Нұрлан Сапарбай (91 келі) бақ сынайды.

Қазақ боксшылары жақында ғана Болгариядағы «Страндж» халықаралық турниріне қатысқан болатын. Ол жарыста 75 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз атанған еді.

Халықаралық турнирге Қазақстаннан өзге Ұлыбритания, Испания, Латвия, Литва, Норвегия, Франция, Швеция, Украина, Венгрия, Беларусь, Ресей, Эстония және Финляндия елінің боксшылары қатысады.

Қазақ боксшылары «GeeBee» халықаралық турниріне жыл сайын қатысып келеді. Өткен жылы Данияр Елеусінов пен Василий Левит жеңімпаз атанған болатын. 

Ө. Сансызбай