Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі орынға жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі орынға жоғарылады
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасы ақпан айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Соған қарамастан жаңартылған тізімде отандастарымыз 96-орыннан 94-орынға көтерілді. 

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында көптеген өзгерістер орын алған жоқ. Аргентина – көш басында, Бразилия екінші орында келеді. Үздік үштікті Германия құрамасы түйіндеп тұр.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Мяньма ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 13 саты төмендеп, 172-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Суринам құрамасы еншіледі. Олар 9 саты жоғарылап, 120-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, 22 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Никосиядағы GSP стадионында өтеді. Ал араға төрт күн салып, 2018 жылғы әлем чемпионатынатына іріктеу кезеңі аясында Армения құрамасына қарсы кездесуін (Ереванда) өткізеді.  

Ө. Сансызбай