Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды

Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды
Фото: prosports.kz

Дзюдодан 10-12 наурыз аралығында Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде «Үлкен дулыға» турнирінің кезекті кезеңі өтеді. Жарысқа әлемнің 32 елінен 201 спортшы қатысады.

Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 14 дзюдошы барады. Баку татамиінде ел намысын қорғайтын балуандар тізімі төмендегідей:

Ерлер:

60 келі

Ибраев Рустам
Қырғызбаев Ғұсман

66 келі

Қырғызбаев Ғұмар
Есімбетов Ғабит

73 келі

Жұмаханов Елдос

81 келі

Өтеулиев Қажымұхан

90 келі

Бозбаев Ислам

-100 келі

Серікбаев Айбек

Әйелдер:

52 келі

Түйтекова Айкүнім

57 келі

Нышанбаева Севера
Казюлина Анна

70 келі

Бектасқызы Зере

-78 келі

Амангельдиева Альбина
Райфова Зарина

Ө. Сансызбай