GGG - нағыз құбыжықтың өзі, бірақ Коробов онымен кездесуге дайын - Матвей Коробовтың менеджері

GGG - нағыз құбыжықтың өзі, бірақ Коробов онымен кездесуге дайын - Матвей Коробовтың менеджері
Фото: ToFight.Ru

Ресейлік кәсіпқой былғары қолғап шебері Матвей Коробовтың менеджері Майк Бораоның айтуынша боксшы Боб Арум және оның Top Rank компаниясымен арадағы келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Massaget.kz сайтының тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
"Мэтт енді бос. Боб Арум бірнеше апта бұрын маған хабарласып екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Жилберто Рамиреске қарсы жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс білдірді. Мэтт бірден келісімін берді. Алайда ұзақ уақыт өтпестен Top Rank Рамирес Коробовпен жұдырықтасқысы келмейтінін айтты. Top Rank - жақсы промоутерлік компания. Аладай олар бізге тек Рамириске қарсы жекпе-жектен басқа ештеңе ұсына алмады. Келісімшартты бұзу барысында Боб Арум өзін мәдениетті әрі нағыз еркектерше ұстады", - дейді Майк Борао.
34-жастағы Коробовтың әуесқой бокстағы нәтижесі таңғаларлықтай. 300 жекпе-жектің тек 12-сінде жеңіліс тапқан. Кәсіпқой бокста тек бір мәрте қарсыласына есе жіберді. Қалған 27 кездесуінде жеңіске жеткен.
Ресейлік боксшы жақын уақытта Билли Джо Сондерс, кіші Крис Юбенк және Джермалл Чарлоның бірімен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бірақ қазіргі таңдағы ең жақсы нұсқа - Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек. Меніңше, қос боксшының рингте кездесуі әбден мүмкін. Өйткені, Геннадий Головкинге қарсы ешкімнің жекпе-жек өткізгісі келмейді. GGG - нағыз құбыжықтың өзі, сол себепті оларды кінәлаудан аулақпын
Матвей кіммен жұдырықтаспаса да, оның жеңіске жетуі әбден ықтимал", - дейді Коробовтың менеджері.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақал трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді.

B. ZHAQSYMBET