"Астана арландар" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

О Сансызбай Корреспондент
"Астана арландар" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді
Фото ©️ Today.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында кездесетін "Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. 
Бұл екі команда арасындағы кездесу 4 наурыз күні, Атырау қаласында өтеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 18:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде ғаламтор арқылы мына сілтеме бойынша көре аласыздар. 
Vesti.kz сайтында бұл кездесудің комментаторы Бақытжан Нұрпейісов пен Уәлихан Қосанбай болады. Таратылым қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімі:
49 келі: Теміртас Жүсіпов - Дзюньдзюнь Хэ
56 келі: Ілияс Сүлейменов - Лун Ван
64 келі: Ділмұрат Мижитов - Ян Лю
75 келі: Сапарбай Айдаров - Минган Жао
91 келі: Антон Пинчук - Сергей Новиков.
Айта кетейік, Қытай командасына қарсы "Астана арландары" биылғы жобадағы үшінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін елордалық клуб "Өзбек жолбарыстары" мен "Ресей патриоттары" командасымен кездесіп, жеңіске жеткен еді.лтемесімен бірге рұқсат етіледі

БӨЛІСУ