"Дэвис кубогында" Қазақстанға Қытай елінің теннисшілері қарсылас атанды

"Дэвис кубогында" Қазақстанға Қытай елінің теннисшілері қарсылас атанды
Фото: The Astana Times

Теннистен "Дэвис кубогының" плей-офф кезеңіне шығу жолында Қазақстан құрамасына Қытай елінің теннисшілері қарсылас атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қос құрама теннисшілері арасындағы ойындар 7-9 сәуір күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді. Билеттер бағасы – 1000 теңге. Ойындар кестесі төмендегідей:

Қазақстан – Қытай құрамалары ойындары:

7 сәуір
Басталуы: 12:00

8 сәуір
Басталуы: 13:00

9 сәуір
Басталуы: 14:00

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында Қазақстан құрамасы 1/8 финалда серб теннисшілеріне 3:2 есебімен ұтылса, қыркүйек айында Ресей құрамасына жол беріп, 6 жыл бойы бақ сынаған Әлемдік топтан шығып қалған еді.

О. Сансызбай