Қолтаңба беруден қашқан Погба жарақат алып қала жаздады (видео)

Қолтаңба беруден қашқан Погба жарақат алып қала жаздады (видео)
Фото: The Sun

"Манчестер Юнайтед" футбол клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба келеңсіз жағдайға тап болды. Футболшы қолтаңба беруден бас тартқаны үшін жанкүйерлердің қарсылығына ұшырады.

Поль Погба достарымен Манчестердегі мейрамханалардың біріне бас сұққан. Онда "қызыл сойқандардың" бірнеше жанкүйерлері футболшыны танып, қолтаңба сұраған. Ал Погба өз кезегінде қолтаңба беруден бас тартқан. Нәтижесінде жанкүйерлер оның бұл қылығын құрметсіздік ретінде бағалап, мейрамханада бүлік шығарған. Футболшыға тәрелке лақтырып, ауыр тиетін сөздермен балағаттаған. Мейрамхана әкімшілігі полиция шақырған. Тәртіп сақшылары келгенше қызуқанды жанкүйерлер ізін суытып үлгеріпті.

Ө. Сансызбай