Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Пеле - футбол патшасы

Пеле - футбол патшасы

Пеле - футбол патшасы

Пеле (Pele, шын есімі – Эдсон Арантис ду Насименту, Edson Arantes Do Nascimento) -
Бразилияның танымал спортшысы, өзінің шеберлігі мен жетістіктерінің арқасында бейресми түрде «футбол патшасы» атағына қол жеткізген әлемдегі ең танымал тұлғалардың бірі. Сан-Паулу штатының бірнеше дүркін чемпионы, Бразилия, Либертадорес пен құрлықаралық Кубогының иегері, Америка чемпионы. Әлемнің үш дүркін чемпионы атағы да осы Пеленің еншісінде. Пеле қарсыласының қақпасына салған гол саны бойынша әлемдегі жалғыз рекордсмен.

Пеле 1940 жылы 23 қазан күні Бразилияның Минас-Жейрас штатындағы Трес-Корасаес елді-мекенінде кедей отбасында дүниеге келген. Бала Эдсон кішкентайынан доп тебуді жақсы көретін. Әкесі Дондиньоның өзі де бұрын аяқдопшы болғандықтан, Эдсонға кейбір футбол сиқырларын айтып, доп тебуді үйретті. Пеле 7 жасқа толғанда, жергілікті балалар тобында өнер көрсетіп, шеберлігі мен әдемі ойынымен көзге түскен. Жас баланың бойынан талантты байқаған жаттықтырушы көп ұзамай Пелені «Сантос» клубы ұйымдастырған байқау-сынға жібереді. Осылайша 15 жасында Пеле бүкіл әлемге белгілі «Сантос» клубының намысын қорғап, команданың белді мүшесіне айналды.

1956 жылы қыркүйек айында әлі 16-ға толмаған Пеле ұйымдастырылған ресми кездесуде алаңға шығып, қарсыласының қақпасына доп кіргізді. 1958  жылы Швецияда өткен әлем чемпионатында Пеле ұлттық құраманың намысын алғаш рет қорғап, жарыстың барлық ойындарында керемет өнер көрсетті. Дәл сол кезде Пеленің денсаулығы сыр берген. КСРО-мен болған кездесуде «футбол жұлдызы» топтың негізгі құрамында ойнаса, ширек финалда Уэльстың қақпасына шешуші гол соққан. Жартылай финалда Францияның қақпасына үш бірдей гол соғып, ақтық сынға жолдама алды. Ақтық сында Швециямен болған ойында Пеле жарыс иелерінің қақпасына екі доп кіргізген.


Жарақаттарына байланысты 1962, 1966 жылдары ұйымдастырылған әлем чемпионаттарында Пеле өз таланты мен шеберлігін толық көрсете алмады. Ал 1970 жылғы чемпионат Пеленің бүкіл тағдырын шешкен. Көптеген сарапшылардың ойынша, сол кездегі команданың құрамы Бразилия тарихындағы ең мықты болып саналады. Үшінші мәрте Жюль Римэ сыйлығын жеңіп алған Бразилия құрамасы оны мәңгі өзінде қалдыру мүмкіндігіне қол жеткізген. Ал Мексикада командасын жеңіске жеткізген Пеле әлемнің үш дүркін чемпионы атанған. Сол жылы Мексикада Пеле өміріндегі 100-інші голды соққан.

«Космоспен» келісім-шартқа отырған Эдсон сол уақыттағы жалақысы ең үлкен спортшылардың қатарына енді. АҚШ жерінде өнер көрсеткен Пеле, жұрттың футболға деген қызығушылығын арттырған. АҚШ-тағы футбол жанкүйерлерінің саны 10 есе өсті. 1977 жылдың 1 қазанында Пеле өзінің соңғы кездесуін «Сантос» тобына қарсы жүргізіп, өзінің спорттық мансабын аяқтады.

Пеле  қарсыласының қақпасына барлығы 1281 гол соқса, оның 127-сі 1959 жылы соғылған. 1964 жылы «футбол патшасы» «Ботафаго» командасының қақпасына 8 бірдей гол соқты. 1000-ыншы голын Эдсон «Сантостың» құрамасында өнер көрсеткенде, «Васко да Гаманың» қақпасына пенальтиден соққан болатын. Осыған байланысты Бразилияның байланыс министрілігі арнайы пошта маркасын шығарды. Ал Сантоста 19 қараша "Пеле күні" деп тойланады. Әке жолын қуған Эдинью да «Сантостың» намысын қорғап, аяқдопшы мансабын таңдаған.

Сурет sportsmeny.org сайтынан

1960 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 қаңтар 2012, 10:31
Тегтер: Пеле, футбол, massaget.kz,
Пікірлер
+0
27 қаңтар 2012, 15:58

нағыз футболшы!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...