Қанат Ислам елге оралды

Қанат Ислам елге оралды
Фото: Қанат "Kazakh" Ислам (vk.com)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам елге оралды. АҚШ жерінде кезекті жекпе-жегін өткізіп келген отандасымызды жанкүйерлер зор қошеметпен күтіп алды.

Естеріңізде болса қазақтың Қанаты 18 ақпан күні Уилмингтонда бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жұдырықтасып, бірінші раундта жеңіске жеткен болатын. Келесі жекпе-жегін Астанадағы «EXPO-2017» қарсаңында өткізуі мүмкін.


Ө. Сансызбай