Денис Тен қысқа бағдарламада 9-орын алып қалды (видео)

Денис Тен қысқа бағдарламада 9-орын алып қалды (видео)
Фото: Данияр Майлыбаев

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының қысқа бағдарламасында 9-орын алды. Ол өз жаттығуын орындау барысында жығылып қалды.

Денис жығылғаны үшін жоғары ұпайға қол жеткізе алмады. 72,98 ұпай иеленді. Бұл оның қысқа бағдарлама бойынша 9-орынға тұрақтауына себеп болды. Ал Абзал Рақымғалиев 54,80 ұпай жинап, 14-орыннан көрінді.

Қысқа бағдарлама бойынша қытайлық Джин Боянг 92,86 ұпай жинап, көш бастады. Екінші орында 92,43 ұпаймен Уно Шома келеді. Қытайлық Ян Хан 91,56 ұпаймен үшінші орында тұр.

Еркін бағдарлама бойынша жарыстар 26 ақпан күні өтеді.

Ө. Сансызбай