Қазақстан хоккейшілері Азиада алтынына таласады

Қазақстан хоккейшілері Азиада алтынына таласады
Фото: massaget.kz

Хоккейдан Қазақстан құрамасы Жапония жерінде өтіп жатқан қысқы Азиада ойындарының финалына шықты. Отандастарымыз жартылай финалда Қытай құрамасын 8:0 есебімен ұтты.

Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы сапында Константин Савенков хет-трик жасаса, Максим Волков дубль орындады. Илья КовзаловДмитрий Гренц пен Антон Сагадеев бір-бір шайбадан соқты. Сондай-ақ қазақстандықтардың соңғы минутта соққан шайбасы есепке алынбады.

Финалда Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі. Ойын 26 ақпан күні өтеді. Астана уақытымен сағат 09:30-да басталады.

Айта кетейік, Азиада ойындары 26 ақпан күні аяқталады.

Ө. Сансызбай