Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтын медалі түсті

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтын медалі түсті
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева VIII қысқы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Ол жұптық могулда үздік шықты.

БӨЛІСУ

Юлия Галышева Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальды салды. Күміс пен қола медальдар жапон спортшылары Арис Мурата мен Мики Итоға бұйырды.

Ерлер арасындағы жұптық могулда Дмитрий Рейхард қола жүлдегер атанды.