Галина Вишневская – Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы

Галина Вишневская – Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы
Фото: Данияр Майлыбаев

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында екінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымыз 10 шақырымдық із қуа жарысуда үздік нәтиже көрсетті.

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын сәтті өткізуде. Кеше 2 алтын 1 күміс 1 қола жеңіп алған болатын. Бүгін отандастарымыз сол жеңісті жолды жалғады. Галина Вишневская Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанса, Дарья Усанова қола жүлдені жеңіп алды.

Ерлер арасындағы 7,5 шақырымдық із қуа жарысу сынында отандасымыз Ян Савицкий күміс жүлдегер атанды.

Ө. Сансызбай