Елена Коломина Азия ойындарындағы үшінші медалін жеңіп алды

Елена Коломина Азия ойындарындағы үшінші медалін жеңіп алды
Фото: inform.kz

Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында 5 шақырымды классикалық мәнерде жүгіріп өтуде күміс жүлдегер атанды. Бұл оның осы Азиадада алған үшінші медалі.

Елена Коломина бұл сында жеңімпаз атанған жапон спортшысы Юки Кабаяшиден бар болған 6,7 секундқа ғана қалып қойды. Қоланы Қытай елінің спортшысы жеңіп алды.

Айта кетейік, осыған дейін Елена Коломина 1,4 шақырымға классикалық стильде жүгіруде – күміс, 10 шақырымға еркін стильде жүгіруде қола медаль жеңіп алған болатын. 

Ө. Сансызбай