Денис Кузин Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Денис Кузин Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық конькиші Денис Кузин Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

1000 метр қашықтыққа жүгіруде жапон спортшысы Такура Ода жеңімпаз атанды. Отандасымыз одан 0.31 секундқа қалып қойды. Қола жүлде де Жапония құрамасының қоржынына түсті. Оны Шунсуке Накамура жеңіп алды.

Жарыс жолына шыққан өзге қазақстандық конькишілер Станислав Палкин (8-орын), Роман Креч (10-орын) пен Федор Мезенцев (12-орын) жүлделі орыннан көріне алмады. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын 2 күміс 1 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді. 

Ө. Сансызбай