Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы алғашқы медаль түсті

Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы алғашқы медаль түсті
Фото: prosportskz.kz

Қазақстан құрамасының қоржынына Жапонияның Саппоро қаласында басталған қысқы Азия ойындарындағы алғашқы медаль түсті. Шаңғышы Елена Коломина 1,4 шақырымдық спринттік сында күміс жүлдегер атанды.

Аталған қашықтықта алтын медаль Қытай елінің спортшысы Дандан Манға бұйырды. Ол 1,4 шақырымды 3 минут 48,29 секундта бағындырды. Елена қытайлық спортшыдан 5 секундқа ғана қалып қойды. Қоланы аустралиялық спортшы Кейси Райт жеңіп алды.

Елена Коломина 2011 жылы Алматыда өткен Азиадада 2 алтын 2 күміс медаль жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Саппородағы Азия ойындары кеше басталған еді. Дода 26 ақпанға дейін созылады.

Ө. Сансызбай