Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі 1 сәуірде өтеді

Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі 1 сәуірде өтеді
Фото: allfight.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипаваның келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы боксшының менеджері Сергей Завилейский AllFight.Ru басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

- 1 сәуір күні Фируза Шарипова Мәскеудегі "Бокс академиясында" келесі кездесуін өткізеді. Мүмкін бұл жекпе-жек чемпиондық белбеу үшін өтетін де шығар. Қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз, - Сергей Завилейский 

- Жекпе-жектің чемпиондық белбеу үшін өтуі неге байланысты?

- Егер демеушілермен қаржы жағын шешіп алсақ, онда жекпе-жек нақты чемпиондық белбеу үшін өтеді. Қазір мәселенің барлығы қаржыға келіп тіреліп тұр. Егер біз қосымша қаржы таппасақ, Фируза 8 раундтық рейтингтік кездесу өткізеді. Ал келер кездесуінде белбеу үшін шаршы алаңға шығады. Біз бұл мәселені ұзаққа соза алмаймыз, күзге дейін бірінші чемпиондық атаққа қол жеткізгіміз келеді. 

- Жекпе-жек тікелей эфирде көрсетіледі ме?

- Фирузаның жекпе-жегін ресейлік "Бокс ТВ" және "Боец" арналары тікелей таратады. Жуық арада қазақстандық арналармен келіссөз жүргіземін. Содан кейін отандастары да Фирузаның жекпе-жегін тікелей эфирден көретін мүмкіндік алады деп ойлаймын. Мен негізі Фирузаның жекпе-жектерін алдағы уақытта да қазақстандық арналар көрсетуі туралы ойластырып жатырмын. Мысалы, бұған дейін кіші Флойд Мейезер «ShowTime», Владимир Кличко «RTL» секілді нақты бір арнамен жұмыс істеген. Фирузаға да осылай жұмыс істеу керек. Егер қазақстандық арналар көрсетуге дайын болса, біз міндетті түрде мықты жекпе-жек ұйымдастырамыз. 

- Жаңа жаттықтырушымен Фирузаның дайындығы қалай өтуде? 

- Қазіргі уақытта Фируза бабына келіп жатыр. Ол "Бокс академиясының" бапкері Сергей Кубышевпен жаттығуға жақсы кірісті. Бір-бірін жақсы түсініп, тез тіл табысып кетті. Сондықтан да біз жуық арадаға Фирузаның әлем чемпионы атанатынына еш күмән келтірмейміз. Оған әзірше бізде тек қаржы жетіспей тұр.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой бокста үш кездесу өткізді. Соңғы жекпе-жегі 24 қыркүйекте Алматыда өткен болатын. Онда ол серб боксшысы Милена Матовичті техникалық нокаутпен жеңді. 

Ө. Сансызбай