Чемпиондар лигасының жаңа добы таныстырылды

Чемпиондар лигасының жаңа добы таныстырылды
Фото: uefa.com

2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі мен финалының ресми добы таныстырылды. Бұл туралы УЕФА-ның "twitter" желісіндегі парақшасы хабарлады.

"Finale Cardiff" деген атауға ие болған допты "Аdidas" компаниясы жасап шығарған. Бұл доппен командалар плей-офф пен финалда ойнайтын болады. Дизайны Уэльс елінің ұлттық танымбелгісі айдаһар суретімен бейнеленген.

Айта кетейік, осы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 3 маусым күні Кардиффте өтеді. Ертең плей-офф ойындары басталады. 

Ө. Сансызбай