"Канело" Головкинмен қашан жұдырықтасқысы келетінін айтты

О Сансызбай Корреспондент
"Канело" Головкинмен қашан жұдырықтасқысы келетінін айтты
Фото ©️ YouTube

Бірінші орта салмақта "WBO" жүйесі бойынша әлем чемпионы атағына ие мексикалық боксшы  Сауль "Канело" Альварес отандасымыз Геннадий Головкинмен қашан жұдырықтасқысы келетінін айтты.

БӨЛІСУ

- Головкинмен Чавеспен өтетін жекпе-жегімнен кейін жұдырықтасқым келеді. Біз оған ұсыныс жасап қойдық. Дегенмен қарсыластар көбірек қаржы тапқысы келеді. Бірінші кезекте олар ақша көлеміне мән береді. Біз ұсыныс жасадық. Келісімін берсе, осы жылы-ақ бұл жекпе-жекті көріп қалуларыңыз мүмкін, - деді Канело BoxingScene сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Сауль Альвареске осыған дейін бірнеше рет ұсыныс жасаған болатын. Тіпті мексикалық боксшы бұл жекпе-жекке шығудан бас тартып, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) чемпиондық белбеуін талассыз Генаға сыйлаған еді.

Сауль "Канело" Альварес мамыр айында отандасы Хулио Сезар Чавеспен (кішісі) жекпе-жек өткізеді.  Ал Геннадий Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады.