Алматыдағы Универсиада ойындары аяқталды

Алматыдағы Универсиада ойындары аяқталды
Фото: massaget.kz

Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Дүниежүзілік доданың жабылу салтанаты «Алматы Арена» мұз сарайында өтті.

Салтанатты шара аясында жүлдегер атанған атлеттерге, сондай-ақ әділ күреске түскен Универсиада қатысушыларына құрмет көрсетіліп, жабылу салатанатына келгендердің барлығы үшін арнайы шоу ұйымдастарылды.

Кеш фолк, этно және рок жанрлары араласқан «Ұлы дала сырлары» музыкалық қойылымымен ашылды. Ардақ Балажанованың орындауындағы халық әні «Ұлы тау» тобының рок әуені Жәмилә Серкебаева және 150 барабаншының ойыны арқасында жаңа музыкалық реңге бөленді.

Жалпы спортшылар шеруіне 57 елдің туын көтеріп шыққан 2000-нан аса атлет қатысты. Мыңдаған көрермен спорт думанының нағыз қаһармандарын соның ішінде қазақстандық спортшыларды ду қол шапалақпен қарсы алды.

Жабылу салтанатында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сондай-ақ Красноярск қаласының мэрі Этхам Акбулатов сөз сөйледі. Акбулатов мырза Халықаралық студентті спорт федерациясының туын қабылдап, 2019 жылы Универсиаданы қабылдайтын Красноярск қаласының бас белгісін таныстырды.

«Красноярскіде Универсиаданы лайықты деңгейде өткізетінін қалаға айналады деп үміттенемін. Біз осы мақсатқа жету үшін, барлық күшіміздіс саламыз», - Акбулатов мырза. – Жас спортшылардың арманына қанат бітіріп, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп, бүкіл жер-жаһандағы жастарды бір-біріне жақындастырып отырған Халықаралық студенттік спорт федерациясына зор алғысымды білдіремін. Шығыстың қонақжайлығын көрсетіп, жарқын спорт жеңістеріне мұрындық болып, ұмытылмас әсерлерді сыйлаған Алматыға рақметімді айтамын. Универсиада – 2017 астанасы атақты алматылық апорт секілді жас қазақ кілемі секілді көркем болып есімізде мәңгі сақталмақ.

Кеш ұйымдастырушылары көмек көрсеткен еріктілерге де алғыс айтуды да ұмытпады. Салатанатты шара барысында оларға арнап Қазақстан эстрада жұлдыздары «Қанатыңды кең серпі» атты музыкалық нөмірін орындады. Еріктілер де мұз айдында және сахнада өткен флэшмобқа белсенді атсалысты. Музыкалық нөмірдің шарықтау сәті Универсиада алауын өшіру салтанатымен аяқталды.

Красноярск қаласынан келген делегация өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге керемет шоу сыйлады. Қаланың таныстырылымы көрсетіліп, 2019 жылғы қысқы Универсиада ойындарының маскоты (сұр қасқыр) жұрт алдында жүріп өтті. Жабылу кешінің соңын «Renzo» тобы әсем әнімен қорытындылады.

Ө. Сансызбай