Хингис Қазақстанда мастер-класс береді

Хингис Қазақстанда мастер-класс береді

Әлемге танымал швейцариялық теннисші Мартина Хингис 1-2 қазан аралығында Қазақстанға қонақ болады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Спорт жұлдызы өзінің сапары кезінде Астана және Алматы қалаларында жас теннисшілерге арнап мастер-кластар беруді жоспарлап отыр.

Аңызға айналған спортшыны федерация өкілдері балалар теннисін дамыту мен насихаттау мақсатымен шақырды, делінген таратылған хабарламада.

Хингис  - 1997, 1999, 2000 жылдары әлемнің бірінші ракеткасы атанған швейцариялық теннисші. Ол сонымен қатар жеке разрядта Үлкен шлемнің бес дүркін чемпионы. 1998 жылы жұптық разрядта Үлкен шлемге ие болған спортшы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gotennis.ru