Елдос Сметов: Риода алтын алсам карьерамды аяқтайтын едім

Елдос Сметов: Риода алтын алсам карьерамды аяқтайтын едім
Фото: Informburo.kz

Қазақстандық дзюдошы Елдос Ахметов Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында алтын алған жағдайда карьерасын аяқтауға дайын болыпты. Бұл туралы спортшының өзі Azattyq.org басылымына берген сұхбатында айтты. 

"Риоға физикалық, психологиялық, техникалық жағынан дайын болып бардым. Финалда сәттілік жетіспеді. Олимпиада күмісі – карьерамдағы басты жетістігім. Егер Риода алтын алсам карьерамды аяқтайтын едім. Қазір медальдарымның арасында олимпиаданың алтыны жоқ. Демек, ол медальды алу үшін Токио олимпиадасына дайындаламын", - дейді дзюдошы басылымға берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 24 жастағы дзюдошымыз Риода өткен Олимпиада ойындарында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, күміс жүлде алған болатын. Ол финалда ресейлік Беслан Мудрановтан жеңіліп қалған еді. 

Дерек көзі:kaz.vesti.kz

B. ZHAQSYMBET